You are here

Қостанай облысы прокуратурасы бос лауазымға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысы прокуратурасы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі №118а үй, 3-қабат, 309 кабинет, анықтама телефондары: 8-(7142)- 54-94-93 бос лауазымға конкурс жариялайды:

Қостанай облысының прокуратурасы

 

Қостанай қалалық прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын);

Лисаковск қалалық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста болған уақытқа, 2020 жылдың 11 маусымына дейін);

Рудный қалалық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын);

Жітіқара аудандық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын);

Қарабалық аудандық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын);

Қарасу аудандық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын);

Қостанай аудандық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын);

Таран аудандық прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын).

 

Функционалдық міндеттері: қылмыстық қудалау және қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, жедел-іздестіру қызметінің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеп жатқан адамдардың құқықтарын сақталуын заңдылығын қадағалау, мемлекеттік айыптауды сотта қолдау, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырыстарына қатысу және тағы басқалары. Негізгі міндеттемелерден басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне тиесілі міндеттерді орындау.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 76 235 тенге).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары құқықтану (заңтану); денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстың соңғы жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күндері ішінде төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі №118а үй.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгілі нысанаға сәйкес өтініш;

         2) белгілі нысанаға сәйкес сауалнама;

         3) белгілі нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

         4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгілі нысанаға сәйкес толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

         5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

         6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

         7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

         8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

         9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

         10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

         11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері.

         Тестілеу бойынша дұрыс жауаптардың көрсеткіші Ереженің 6 қосымшасына сәйкес тестілеу Бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша жалпы сұрақтардан 70%-дан төмен болмауы керек;

         12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

         13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

         14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

          Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

        Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.