You are here

Алғыс айту күні қарсаңында!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алғыс айту күні қарсаңында! - 2045390604

Алғыс айту күні қарсаңында!

Бүгінгі таңда дүние жүзінде күрделі өзгерістер жүріп жатыр. Жаңа технологиялар, жаһандық экономикадағы жаңа серпіндер әлемді дүр сілкіндіріп, өзгертуде. Осы жедел даму ғасырында өзге елдерден қалыспау керек болғанымен, бұл арпалыс астында өзіндік қасиетімізді жоғалтып алмау да аса маңызды.

Өткен жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Оны қазіргі заманда мемлекеттік идеологиямызды анықтайтын, әрбір азаматтың патриоттық сезімін нығайта түсетін, шын мәнінде рухани жаңғыртатын құжат деп білуге болады.

«ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Біздіңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» - деп жазылған Мемлекет басшысының мақаласында.

Қазіргі Қазақстан халқының ұлттық құрамына Кеңес одағының миграциялық саясатының ықпал еткені баршаға мәлім. Әр жылдарда Қазақстанға департацияланған түрлі ұлт өкілдерін жергілікті халық кең пейілімен қабылдап, өзара шынайы құрмет қалыптасқан. Қиын-қыстау жағдайда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, бір-біріне көмек көрсетіп, бір жұдырықтай жұмылу – Ұлы Дала халқының бұлжымас қағидасы. Бүгінгі таңда Қазақстан – жүзден астам ұлт пен этностың өз ерекшеліктерін сақтай отыра, бір отбасыдай тату өмір сүріп жатқан мекеніне айналды.

Бұл – еліміздің одан әрі дамып, Үшінші жаңғыру аясында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін  берік іргетас болып табылады. Тарихи қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды нығайту арқылы ғана біз гүлденген, өркениетті мемлекет құрай аламыз.

2016 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жаңа мерекелік күн – Алғыс айту күнін енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған күні, яғни 1 наурызда мерекеленетін бұл күн көпэтносты халқымыздың ортақ тарихын құрметтеу күні болып есептеледі. Репрессия мен жер аудару жылдарында мейірімділік таныта білген адамдардың бір-біріне алғыс айту күні. Бұл күні біз ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, жақындарымызға алғыс айтамыз, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Бұл мерекені атап өтуді дәстүрге айналдыру – еліміздің рухани жаңғыруымен қатар өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде өте маңызды.

Биылғы жылы еліміз Алғыс айту күнін үшінші рет атап өтпекші. Құрметті қостанайлықтар және облыс қонақтары! Мейірімі төгілген осынау шуақты мереке күні баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық, халқымыз аман болсын! Өткенге ризашылық білдіріп, болашаққа сеніммен қадам басайық!

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.