You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 37447
    Дата: 22.11.2017 09:23:34
    Аты-жөні: Садуов Нұрлан
    Сұрақ:
    Қостанай облысының прокуроры, Құрметті Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы! Ұрпақ тәрбиесіне жанашырлықпен қарау кейінгі жарқын балашағамыздың кепілі. Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз бар. Бала тәрбиесіне етене мән берген халқымыз. Ахмет Байтұрсынов атамыздың «Балам дейтін елім болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген ұлағатты сөзі де осы ұлттық тәрбиеміздің бастауы бесіктен басталатынын көреміз. Осы орайда біздің Арқалық қаласының №4 орта мектебінде «Тәрбиелі ұрпақ – болашақ кепілі» тықырыбында өткізілген тәрбиелік мәндегі еркін форматтағы кездесуді тілге тиек еткім келді. Арқалық қаласының прокуроры Мұратқанов Досымхан Мұратқанұлы мектебіміздің оқушыларымен кездесті. Досымхан Мұратқанұлы оқушыларымызға бала құқығы, қоғамдағы құқық бұзушылық, жалған қоңырау жауапкершілігі, ұсақ құқық бұзушылық, түнгі уақытта оқушылардың жүрмеуі, тарихи – мәдени ескерткіштердің, табиғи обьектілердің бұзылмау жайында мол мағлұмат берді. Заң алдында бәріміз бірдей жауап беретіндігіміз жайлы айтып берді. Осындай мәнді мәліметтерден кейін оқушыларымыз Д. Мұратқанұлына өз сауалдарын қойды. Мысалы, оқушыларымыз Д. Мұратқанұлына: - Сіз сияқты маман болудың жолы қалай? Деген сауалға Д. Мұратқанұлы: «Ол үшін тек жақсы оқып, тәрбиелі болу керексіңдер» деген жауабын берді. Оқушыларымыз өздерінің көкейлеріндегі маңызды сұрақтарға жауап алды. Менің білім беру саласындағы 33 жыл атқарған жұмыс тәжірибемде қала прокурорларының ішінде осындай маңызды тақырыппен мектебімізге келіп еркін форматтағы кездесудің өткізбегендігін айта отырып, алдағы уақытта осындай маңызды іс-шара жалғасын тапса екен деп ойлаймын. Құрметпен «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ директоры Садуов Нұрлан Талапұлы
    Жауап күні:
    8 желтоқсан, 2017 - 10:43
    Жауап:
    Құрметті Блог пайдаланушы! Қазақстан прокуратурасының бүгінгі ұстанымы - жаңа форматтағы әділ, тиімді және ашық прокуратура. Арқалық қаласының прокуроры тарапынан прокурорлық қадағалауды тиімді іске асыру арқылы азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар аз емес. Бұның қатарында, болашақ ұрпақтың тәрбиесі де соңғы орында емес. Сіздің, қала прокурорының істеріне оң баға беріп, пікіріңізді білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіз атап өткен іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.
  • Сұрақ №: 35127
    Дата: 15.08.2017 18:20:04
    Аты-жөні: Жетписбаев Фархат
    Сұрақ:
    Билігін асыра пайдаланып алаяқтық жасап,жұмыс бергенін меңзеп отырып қол астындағыларға несие алдырып отырған мектеп басшысына шағым жасамақ болғанбыз. Бірақ прокуратура да, қаржы полициясы да нақты дәлел керек дейді. Бізге қандай дәлел керек? Егер несие алған адам өз атынан болса. Сонымен қатар өлім-жітікке қосылған ақшаны өзім берем деп қалтасына басып отырса, жәбірленушінің сөзінен басқа қандай дәлел айта аламыз? Тағы қай жерге шағымдана аламыз?
    Жауап күні:
    25 тамыз, 2017 - 11:11
    Жауап:
    Ф. Жетпісбаевқа (Бас Прокурордың блогынан) Құрметті блог қолданушы! Қостанай облысының прокуратурасы Сіздің мектеп директорының іс-әрекетін шағымдау туралы өтінішіңізді қарастыру нәтижесінде келесіні түсіндіреді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті. Айтылғандардың негізінде, мектеп директоры тарапынан жасалынған алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына (прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі ) жазбаша өтініш білдіруге құқығыңыз бар. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 33161
    Дата: 15.05.2017 14:20:18
    Аты-жөні: Тулегенова Жазира
    Сұрақ:
    Менің жолдасымды 11.05.2017 жылы милициялар қамауға алып, менің 2 жасар қызымды ішкі істер қызметкерлері машинада ішімдік ішкен адамның қасында 1 сағңаттан артық қалдырған. Бұл іс14:00-15:00 аралығында болған. Осыған орай мен ішкі істер қызметкерлері заң алдында жауап бере ала ма алде жок па?
    Жауап күні:
    29 мамыр, 2017 - 19:05
    Жауап:
    Ж.К. Тулегеноваға Құрметті Жазира Кенесқызы ! Қостанай облысы прокуратурасымен Сіздің Амангелді аудандық ішкі істер полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тарту жөнінде арызыныз қаралды. Анықталғаны, Амангелді аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Т.Б. Жармағанбетовпен Амангелді АІІБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен көзделген Амангелді селосының тұрғыны С.Е. Бейсеновтің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольді мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша №173934031000036 санды болып сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Амангелді аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Т.Б. Жармағанбетов және жол-патрульдік полициясы Е.Р. Темір ішкі істер ғимаратында С.Е. Бейсеновтен жауап алу және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу барысында автокөлікте болған С.Е. Бейсеновтің 2 жасар қыз баласы туралы өзінің заңды анасына хабарланбаған. Сонымен қатар, аталған автокөлікте қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылатын Ж.М. Біләнов алкогольдік ішімдік ішкен күйінде 2 жасар баланың қасында отырған. Көрсетілген елеулі заңбұзушылықтар негізінде Амангелді аудандық прокуратурасымен Амангелді аудандық жергілікті учаскелік полиция инспекторы Т.Б. Жармағанбетовке және жол-патрульдік полициясы Е.Р. Темірге қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде қаулы қозғалып, қазіргі таңда аталған тұлғаларды тәртіпке тарту сұрағы қаралуда. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 32584
    Дата: 17.04.2017 12:33:19
    Аты-жөні: Касенова Маржан
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе! Мен осы хатым арқылы сізге айтарым Рудный қаласының сот орындаушылары өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы салғырттық танытаныны. Менің сұрағым алимент бойынша. Цыбанев Максим Гергиевич маған яғни Ксенова М.Б. 2006 жылы туған баласы Цыбанев Руслан Максимовичке 2007 жылдан бері қарыз. Цыбанев М.Г.,іздестіруде болатын, оны осы жылдың сәуір айында іздеп тауыпты. Сот орындаушы маған ескертпеді, сұрағыма 3 айдан кейін хабарласыңыз дейді, бұны қалай түсінуге болады? Цыбанев М.Г., 3 тәулікке қамалғандығы туралы соттың шешімін жіберулері тиіс еді, және менен банк шотының номерін де сұрамайды. Борышкер неге маған қарызын төлемейтінін түсіндірмейді. Осы менің сұрағымды жауапсыз қалдырмайсыз деп сенемін.
    Жауап күні:
    20 сәуiр, 2017 - 18:26
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 26692
    Дата: 06.10.2016 10:26:12
    Аты-жөні: Кішібай Сағира
    Сұрақ:
    Мен Кішібай Сағира Қабажайқызы Алтынсарин ауданы, Обаған ауылында тұрамын. Аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарамын. Белгілі себептермен Евразиялық банктен алған несиемді өтей алмай қалдым. Кейін сол банкпен келісіп, ай сайын 40 мың теңге салып тұрамын деп келісіп , банкке салып тұрдым, кейін жазғы демалысқа шыққандағы барлық ақшамды толығымен ұстап қалды. Ай сайын алатын жалақымды банк арқылы ай сайын ұстап отыр. Көп балалы анамын. 2 балам студент, 1 балам мектепте оқиды,1 балам мектеп жасында болғанмен бара алмай отыр, өйткені сөйлей алмайды. Ол баланы қарататын жағдайым жоқ. Жазғы демалыс ақшам, қыркүйек айындағы ақшам бәрін банк ұстап алып отыр. Мен қалай күн көрерімді білмей, амалым құрып сіздерге хат жолдап отырмын. Банкке қаншама рет бардым, ай сайын 40 мыңнан төлеп отырамын деп қаншама рет бардым, бірақ келіспей отыр. Сіздерден көмек сұраймын, осы жағдайды шешіп берулеріңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    28 қазан, 2016 - 18:07
    Жауап:
    ответ на обращение

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.